Есімі ұлықталды. Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылдық округінің мәдениет үйіне соғыс және еңбек ардагері Игібай Базарбаев есімі берілді. Күреңбелдің дамуына сүбелі үлесін қосқан азаматтың жерлестері мен ұрпақтары ата-баба рухына тағзым етіп, еске алды. Сондай-ақ, шара барысында Игібай атаның қатарласы, Социалисттік еңбек ері, Зылиха Тамшыбаеваның 85 жылдығына арналған кеш ұйымдастырылды.