Кербұлақ ауданында алаяқтық көбейді. Жыл басынан 15 оқиға тіркелген. Оның 6-уы ғаламтор арқылы жасалған. Бұл туралы бүгін аудан прокурорының тұрғындармен кездесуінде айтылды. Айдын Төребековтің мәліметінше алаяқтық қылмыс былтырғы жылмен салыстырғанда 150%-ға өскен. Ал, мал ұрлығы керісінше былтырғы алты айымен салыстырғанда 54 % төмендеген. Десе де қылмыстың көбеюі – тұрғындардың бейқамдығы мен жұмыссыздық деңгейінің өсуіне байланысты. Қылмыстың жолын кескен абзал,- дейді прокурор. Осы ретте жергілікті органдар мен полиция бөліміне тиісті тапсырмалар берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






