Жалақымызды көтеріп, еңбек шартын толық орындасын. Кербұлақ ауданындағы “Алацем” зауытының жұмысшылары наразылық білдірді. Олар бұған дейін де “еткен еңбегімізге қарай айлық төленсін” деп кәсіпорын басшылығына талаптарын қойған. Алайда ешқайсысы орындалмады деп ашулы. Бұл дауға аудан әкімінің өзі араласты. Мәселені шешудің жолдары қарастырылып жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.