Кербұлақ ауданында аудан әкімін сайлау өтті. 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап аудан әкімі лауазымына 8 кандидат ұсынылған. Тексеру барысында бір кандидаттың әкім болуға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Ал тағы 5 кандидат өз өтініші бойынша кандидатураларын кері қайтарып алды. Нәтижесінде, дауыс беру бюллетеніне екі кандидат енгізілді. Аудандағы 15 ауылдық округте орналасқан 60 сайлау учаскесі сайлау күні үздіксіз жұмыс істеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






