Бүгін – Ұлттық киім күні. Ою-өрнегімізді дәріптеп, дәстүрімізді жаңғыртатын мереке Наурызнаманың 10 күндігі аясында тойланып жатыр. Атаулы күнге орай «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігі «Қызай өрнегі» атты ұлттық киім үлгісінің көрме-фестивалін өткізді. Сондай-ақ Мұхамеджан Тынышбаев мұражайында да “Кимешек киімнің киелісі” атты көрме ұйымдастырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






