Көксу — дамудың жаңа белесінде! Мұнда баспана мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Жыл соңына дейін 90 отбасы жаңа пәтерде қоныс тойын тойламақ. Ауданның инфрақұрылымдық саласында да түйткілді мәселелер оңала бастады. Облыс экономикасына қосар үлесі артып келеді. Алдағы үш жылда 30 миллиардқа жуық теңгеге 7 жоба іске асырылады. Бұл — жаңа жұмыс орындары, өсіп жатқан салық түсімі, және ең бастысы — тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруына айтарлықтай сеп. Осы және өзге де жоспарлар жайында облыс әкімі Бейбіт Исабаев Көксу жұртшылығымен кездесуде айтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






