Көксу өзенінің бойында салынып жатқан жоғарғы талапты Су Электр Станциясының құрылысы Ешкіөлмес петроглифтеріне қауіп төндірмейді. Арнайы құрылған комиссия осындай қорытындыға келді. Айта кетейік, Жартастағы ежелгі суреттерді жан-жақты бағалау мақсатында уәкілетті органдардың қатысуымен көшпелі отырыс өтіп, осындай шешім шығарылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.