Бүгін үлкен Алматы айналма автомобиль жолы қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы, Алматы қаласының әкімі мен Алматы облысының басшысы қатысты. Сондай-ақ аталмыш автомагистральдің құрылыс жұмыстарын жүргізген шет ел инвесторлары арнайы келді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.