Ұлттық қор – балаларға. Келесі жылдың ақпан айынан бастап 18-ге толғандар Ұлттық қор аударымын шеше алады. Ондағы инвестициялық табыстың 50 пайызы кәмелетке толған балаларға теңдей бөлінеді. Қаржы вице-министрінің айтуынша, қазір 17 жастағы балалар келесі жылы бір реттік төлемді ғана алады.Ал 16 жастағыларға екі реттік төлем аударылады. Яғни, енді жыл сайын ақпан айында төлем жасалып отырады. Ата-аналар ақша аударымын арнайы сайттан баланың Жеке Сәйкестендіру Нөмірін теру арқылы біледі. Ол жерде жылына қанша ақша аударылғаны көрсетіліп тұрады. Ал бірнеше жылда жиналған соманы білу үшін egov.kz-тегі жеке кабинетке кіру қажет. Айта кетейік, елімізде 18 жасқа дейінгі балалар саны 7 миллионнан асады.






