Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапарымен барды. Бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Аймақ басшысы ауызсу жүйесі, жол құрылысы, білім беру нысандары мен көлік инфрақұрылымына қатысты жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.