Жетісу облысында мектеп пен колледж арасындағы серіктестікті дамыту бағытында жаңа білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Пилоттық жоба аясында мектептің жоғары сынып оқушылары колледжде жұмысшы мамандығын меңгеріп жатыр. Мектеп бітірмей жатып жаңа маман иесі атанған алғашқы қарлығаштар Көксу политехникалық колледжінен қанат қақты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






