Алматы облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі өңірлік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысқан жиын облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымның төарағалығымен өтті. Онда 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту бойынша ұйымдастырылатын шаралар және аймақтардағы рәміздерге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.