Модернизацияланбай мәселе шешілмейді. Елдегі электр стансаларында апаттар жиіледі. Проблема Президент араласуымен талқыланды. 2035 жылы Қазақстанда электр қуаты қажетттілігі 17 жарым гигаваттқа жетуі тиіс. Билік жаңа қуат көздерін іске қосуды межелеп отыр. Әрі, бұрынғы нысандарды жаңарту, жетілдіру жоспарда. Өйткені, тозған стансалар мен желілер бар салдарынан энергияның 11 пайызы жолда жоғалады. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, заңсыз майнингпен күресуді тапсырды. Бүгінде республика бойынша 55 майнингтік компания жұмысын тоқтатты. Кеңесте тариф саясатын ретке келтіру жолдары да кеңінен қаралды.
<iframe src=”https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=314&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2F100041760694960%2Fvideos%2F372322501120187%2F&show_text=false&width=560&t=0″ width=”560″ height=”314″ style=”border:none;overflow:hidden” scrolling=”no” frameborder=”0″ allowfullscreen=”true” allow=”autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share” allowFullScreen=”true”></iframe>