Мойнақтан шыққан – Миллионер. Талдықорған қаласына қарасты Мойнақ ауылында төрт түліктен нәсіп тапқан “Миллионер” есімді азамат тұрады. Ол өзінің шағын шаруашылығында күніне 100 литрге дейін қымыз бен шұбат өндіреді. Дертке дауа, жанға шипа болған ұлттық сусынды, ауыл мен қала тұрғындары алдын ала тапсырыс беріп алады. Өйткені бұл күнде қымыз бен шұбатқа деген сұраныс жоғары.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.