Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндіктері шексіз. Барлық шектеулер олардың санасында. “Асар” оңалту орталығы Алакөл жағалауында “Кедергісіз болашақ біліммен басталады” атты оқу семинарын ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік кәсіпкерлікті бастаудың жолдарын үйретті. Астанадан арнайы маман келіп, кәсіп бастаймын деген өңір тұрғындарына дәріс берді. Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктер мен тетіктерді тізіп, тың жобаларымен бөлісті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.