Азияның клубтық Чемпиондар лигасының жеңімпаздары Жетісулық волейболшы қыздарды Талдықорғандықтар сән салтанатымен күтіп алды. Құшақтарын гүлге толтырып, қошамет көрсетті. Филиппин елінен алтын медаль тағынып, кубок арқалаған спортшыларды облыс әкімі құттықтап, тиісті марапаттарын табыстады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.