Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесудің екінші бөлігі сұрақ – жауапқа арналды. Залда орнатылған үш микрофонға кезекке тұрған адамдар көп болды. Облыс әкімі ешкімді қақпайлатпады. Әр адам сұрағын қойып, тиісті жауаптарын алды. Талқылауға шыққан сұрақтар түрлі. Дені – тұрғын үй қатынастары, инфрақұрылым, су, жол, жарық проблемалары. Облыс әкімі бүгін сондай-ақ, бірнеше адамды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.