“Дәрігерлерге мың алғыс”. Осындай атаумен нұротандықтар мен облыстық кәсіподақ ұйымы акция өткізді. Аясында облыстық аурухана қызметкерлеріне азық-түлік себеттері таратылды. Қазірде орталықта короноіндетпен күреске 500-ге тарта маман жұмылдырылған. Ал, жалпы өңірдегі стационарларда 1000-нан аса ақ халатты абзал жан еңбек етуде. Сондықтан, шара жыл бойы жалғасады, – дейді ұйымдастырушылар. Олар, ай сайын 130-ға тарта дәрігерді қамтуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 12-мамыр медбике күніне орай, ақшалай сертификаттар табысталады. Айта кетейік, өңірде “Дәрігерлерге мың алғыс” акциясы былтыр қолға алынған. Бүгінге дейін 6 аудандық орталық ауруханаға 13 дана ИВЛ құрылғысы сыйға тартылды. Тағы 4 орталық бетперде, 100 дәрігер жеміс-жидек себетімен, 1000 л ұлттық өніммен қамтамасыз етілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.