Облысымызда спорттық инфрақұрылым жұмыстары қарқынды. Биыл 14 спорттық нысанның құрылысына 8,1 млрд теңге бөлінген. Бүгінде Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында күрес залының монтаждау жұмыстары жасалуда. Одан бөлек Панфилов және Сарқан аудандарындағы спорт кешендері аяқталуға жақын. Сондай-ақ жеке инвесторлар есебінен Талдықорған қаласында спортшыларға арналған 40 орынды жатақхананың құрылысы кестеге сай жүріп жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.