Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай өңіріміздің бірқатар азаматтары мерекелік медальдармен марапатталды. Олардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер мен мәслихат төрағалары бар. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев ел мен өңірдің дамуына үлес қосқан жетісулықтардың зор еңбегін атап өтіп, Ата заңымыздың мерейтойымен құттықтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.