Қонаев қаласы – Алматы облысының орталығы мәртебесін алғанына бір жыл. Соған орай қаланың негізін қалауға ат салысқан азаматтар мұндағы ең алғашқы құрылыстардың бірі – «Қапшағай су электр станциясын» аралады. Сондай-ақ орталық алаңдағы Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, әруағына тағзым етті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.