25 – қазан Республика күні! Мемлекеттік мерекеге әскери қызметшілер де үн қосып жатыр. Қонаев гарнизонының 58012 әскери бөлімінде салтанатты жиын өтіп, отан қорғаушы азаматтар Алматы облысындағы елдің ең үлкен туын көтерді. Көлемі 30 да 15 метр болатын көк байрақты ұстап тұріп еліміздің гимнін шырқады. Осылайша, инженерлік саперлық батальон қызметшілері ел тұрғындарын отансүйгіштікке шақырып, патриоттық сезімді ұялатты. Сонымен қатар, баршы Қазақстандықтарды атаулы күнмен құттықтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






