Жазғы демалыс кезінде балалар өз уақытын тиімді өткізуі тиіс. Осыған орай Қонаев қаласындағы «Күншуақ» лагері кезекті мәрте оқушыларға өз есігін айқара ашты. Шара барысында жас өнерпаздар ән айтып, ұлттық аспаптарда күй орындады. Жалпы, лагерь жыл сайын көпбалалы отбасылардан, аз қамтылған және толық емес жанұядан шыққан балаларға арнап жұмыс істеп келеді. Жоспар бойынша биылғы жылы бұл демалыс орны 600-ге жуық жасөспірімді қамтиды.
https://youtu.be/Cp4mFfwIi-g