Қонаев қаласындағы апатты үйлер келер жылы толықтай жойылады. Бүгінде өңір орталығындағы 30-ға тарта тозығы жеткен үйді кезең-кезеңмен сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың орнына жаңа үйлер салынады. Бүгін олармен Алматы облысы әкімі танысып қайтты. Марат Сұлтанғазиев өңір орталығында құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым жайын да бағамдады. Кемшіліктерді түзетуді тапсырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.