“Қорғансыздың күні”. Әйгілі Мұхтар Әуезовтың туындысы Талдықорғанда алғаш рет сахналанды. Шығарма арқылы небәрі 1 сағатта Бикен Римова атындағы өнер ұжымы өткен ғасырдың кереғар тұсын көрерменге ұсынды. Қойылым барысында адамгершілік, пендешілік, мейірімділік пен қатыгездік, жанашырлық тақырыптар қатар қозғалады. Премьераны Жетісулықтармен бірге әріптесім Кәмшат Мұхамеджан да тамашалап қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.