Отбасы – ең маңызды әлеуметтік институт. Осыған орай, Талдықорғанда “Қазақстандағы отбасы институтының даму динамикасы” атты облыстық форум ұйымдастырылды. Аясында пленарлық отырыс пен тренинг өтті. Мақсаты – 2021 жылғы халық санағы нәтижелері негізінде отбасы институтының даму көрсеткіштерін талдап, қазіргі үрдістерді саралау және отбасы саясатын жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу. Жалпы шараға 50-ге жуық адам қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.