«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Панфилов ауданында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2007 жылы пайдалануға берілген перзентхана алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қазіргі таңда ғимарат толық жаңартылып, заманауи талаптарға сай қайта жабдықталуда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






