Париждегі Олимпиада ойындары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 30 мыңнан аса полицей жұмылдырылады. Ал, спорттық шараның салтанатты ашылуын 63 мың тәртіп сақшысы мен сарбаз қадағалайды. Спортшылардың дәстүрлі шеруі ашық аспан астында ұйымдастырылады. Әр елдің өкілдері қайықтарға мініп, Сена өзені арқылы өтеді. Қауіпсіздік мақсатында оларға камера орнатылады. Сонымен қатар жарыс кезінде елде барлық қару мен жарылғыш заттарды сату шектеледі. Париж Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталады. Дүбірлі додаға 10 мыңдай спортшы қатысып, 300 мыңнан астам көрермен келеді деген болжам бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.