Оңтүстіктен солтүстікке. Алматы өңірінің тұрғындарын Павлодар облысына көшуге шақырады. Еліміздің жұмыс күші артық өңірлерінен тұрғындарды көшіруге бағытталған жұмыс жалғасуда. Бүгін Павлодардан арнайы делегация Шелек ауылына келді. Округ тұрғындарымен кездесіп, қоныс аударудың артықшылықтары мен бағдарламаға қатысушыларға берілетін мемлекеттік субсидиялар жайы егжей-тегжейлі талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






