Республика күні қарсаңында, “Қайнар-АКБ” ЖШС аккумулятор зауыты үшінші жаңа өндірістік желісін іске қосты. Мұнда резервте электр қуатын беруге арналған батареялар өндіріледі. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 10 млрд теңге. 150 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Жаңа желінің ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.