Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында биыл пайдалануға берілген №30 мектепті аралап көрді. 1200 оқушыға есептелген білім ошағының құрылысы жергілікті бюджеттің және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен қаржыландырылған. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.