Қазақстан десанттық-шабуылдаушы әскеріне – 25 жыл. Тарихи датаға арналған салтанатты іс-шара Конаев қаласында өтті. Мұнда орналасқан 35-гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригада қазақстандық десантшылардың ең ірі және беделді бөлімшесі саналады. Мерейтойға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, ардагерлер, жергілікті билік пен қоғам белсенділері, сондай-ақ сарбаздар мен офицерлердің туыстары қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.