Қазақстан саяхатшылардың назарында. Соңғы уақытта әлемдік басылымдар елімізді туризм үшін ең тартымды бағыттардың қатарына қосуда. Ал осы мақтаулы тізімнің бел ортасында – жер жәннаты Жетісу тұр. Мемлекет басшысы Түркістан газетіндегі мақаласында атап өткендей, қазіргі таңда әлемде экотуризмге деген сұраныс жоғары. Ал Жетісудың тұмса табиғаты бұл бәсекеде ешкімге дес бермейді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






