Ел көптен күткен жарқын жаңалық. Конституция күні қарсаңында Қоғалы ауылында мәдениет үйі қолданысқа берілді. Жаңарған нысанның ашылуына үлкен- кіші шақырусыз-ақ асыға жетті. Олай болмағанда ше, ғимарат құрылысы жосықсыз мердігер кесірінен тым ұзаққа созылып, жергілікті тұрғындар сарыла күткен еді. “Мен мұндалап” тұрған мәдениет ошағы барлық ол келеңсіздіктің бәрін әп-сәтте ұмыттырып жіберді. Ауыл халқы концерт көріп, арқа- жарқа болып тарасты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.