Қонаев қаласында қыш өнері қарқын алып келеді. Шеберлер ежелгі дәстүрді жаңғыртып, заманауи технологиялармен үйлестіре отырып, сапалы өнімдер жасауда. Аталған саланың дамуына үлес қосып жүрген қыш шеберлерінің бірі – Бақыт Дүйсенбаев. Бұл салада көп жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол қыш өнерінің түрлі техникасын меңгеріп, жергілікті шикізатты пайдалану арқылы өзіндік қолтаңба қалыптастырған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.