Қонаевтық бір топ тұрғын заңды сатып алған жерімізден айырылғалы тұрмыз деп шағымдануда.” Соттан шықтық, мүлкіміз мемлекетке қайтарылуы мүмкін. Құжаттарымыз заңды. Алайда кезіндегі құзырлылар қателігі қарапайым халыққа тиді”, – дейді. Жағдай қалай болмақ деп налыған жұрт облыс басшысының бұл іске араласуын сұрай келіпті. Облыс әкімдігінің ғимаратына әкіммен жүздеспекке келіп, біздің түсірілім тобымызбен кезігіп қалды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.