Құландардың мекені. Жетісу облысында “Алтынемел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігінің ұйымдастыруымен республикалық экофестиваль өтті. Дәстүрге айналдырмақ ниеттері бар. Биыл екінші мәрте ұйымдастырды. Мақсаты – “Қызыл кітапқа” енген жан -жануарларды сақтау ісіне қоғам назарын, ынта-ықыласын аудару. Құландар популяциясын көбейту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.