Қызылорда қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бесінші құрылтай өтті. Сыр еліндегі басқосуда ұлт үшін маңызды мәселелерді көтерілді. Вице-Президент лауазымы пайда болып, бір палаталы Парламентті Құрылтай деп атау ұсынылды. Жаңа заң шығарушы орган құрамында 145 депутат болады. Сондай-ақ Президент елдегі реформалардың жаңа кезеңінде қоғам дамуының барлық мәселелері бойынша жалпыұлттық диалогты тұрақты түрде өткізуге арналған кең ауқымды платформа ретінде Қазақстанның халық кеңесін құру жөнінде әңгіме өрбітті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






