Биыл Республика күнін Алматы облысының шалғай аудандарында ауқымды түрде атап өту жоспарланып отыр. Бұл туралы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.Айтуынша, бұл бастамаға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар кей аймақта көк туымыз көкке көтеріледі. Өңір аумағындағы 300-ге жуық мәдениет ошағында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Айта кету керек, оның 10-ға жуығы Қонаевта өтеді.