Республика күні қарсаңында Мұқыры ауылдық амбулаториясы есігін айқара ашты. 1987 жылы салынған нысанда мамыр айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүрген еді. Медициналық мекеме 5 айдың ішінде толық жаңарып, қайта қолданысқа берілді. Жоба ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту жобасы аясында жүзеге асқан.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.