Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 10 жарым пайызға өскен. Күнделікті тұтынатын ет пен күнбағыс майы екі есеге қымбаттаса, егіннен енді жиналған көкөніс пен жемістің құны да арзан болмай тұр. Бізде жағдай қалай? Баға тұрақтылығын сақтау үшін Алматы облысында қандай шаралар қабылданып жатыр?