Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылында жаңа орта мектеп құрлысы басталды. Бұл оқу ордасы елден заңсыз шығарылған активтер есебінен бой көтереді. Осыған байланысты мектеп капсуласын салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов пен мен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтар арнайы барып қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.