Алакөлдегі өрт сөндірілді. Үржар ауданына қарасты, көл жағалауында 3000 шаршы метр демалыс орыны өртеніп,
7 адам зардап шекті. 4 демалыс орыны бүлінді. Бір-біріне жалғап салынған ағаш үйлерге өрт жылдам тарады. Оның үстіне қатты жел де өртті сөндіруге кедергі келтірген. Алапат өртті сөндіруге 6 сағаттай уақыт кетіпті. Төтенше жағдайлар департаменті және полиция, жергілікті органдардан келген 186 адам мен 29 техника жұмылдырылыпты. Абай облыстық ТЖД өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






