Сайт ережесі

[td_block_text_with_title custom_title=»Сайт қолданушыларына арналған ережелер» separator=»» tdc_css=»»]

  1. Жалпы ЕРЕЖЕ

1.1. Сайт материалы мен сервисін қолдану ҚР заңнамасының нормаларына сәйкес  қарастырылған.

1.2. Сайтта жарияланған материалдардың (мәтін, сурет, видео) авторлық құқығы «Жетісу» телеарнасы ЖШС-на тиесілі. Басқа дереккөзден алынған мәліметтер болса, оларға  міндетті түрде сілтеме көрсетіледі. Сайт материалдарын басқа да кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану үшін «Жетісу» телеарнасына сілтеме жасауы тиіс.

1.3. Телеарнаның эфирінен көрсетілген дүниелерді қолданған кезде логотипті өшіріп пайдалануға болмайды. Бейнематериалдардың форматын өзгертіп, көшіруге және таратуға тыйым салынады.

  1. Пікір қалдыру шарттары

2.1 Пікір қалдыру үшін  қолданушы өз аты-жөні мен электронды мекенжайын қалдыруы керек немесе қандай да бір әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы кіріп пікір жариялай алады.

2.2 Пікір жариялау арқылы қолданушы материал мазмұнына қатысты өз көзқарасын немесе материал авторына яки редакцияға деген ұсыныс-ойын жеткізе алады.

2.3 Материал астында үшінші тарапқа тиесілі құпия ақпаратты рұқсатсыз жариялауға немесе өзіне тиесілі, бірақ жариялауға заңды түрде рұқсаты жоқ мәліметтерді қалдыруға тыйым салынады.

2.4 Материал астында зорлық-зомбылыққа үгіттейтін, қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның ар-намысына, абыройына, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, заңға, тәрбиеге, этикаға қарсы мазмұнға ие пікірлерді жариялауға тыйым салынады.

2.5 Материал астында боқтық сөздері бар пікір қалдыруға тыйым салынады.

2.6 Материал астында жарнамалық мазмұндағы пікір қалдыруға тыйым салынады.

2.7 Нәсілдік, діни, ұлтаралық, әлеуметтік немесе тілдік негізде қандай да бір алауыздық тудыруға, арандатуға, соғыс пен қандай бір өзге топқа қарсы күрес жүргізуге үгіттеуге тыйым салынады.

[/td_block_text_with_title]