Биыл Жетісу облысында жалпы ұзындығы 178 шақырым болатын “Сарыөзек-Көктал” автожолының жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл республикалық маңызы бар күре жол қазір тақтайдай тегіс әрі сапалы, халықтың ризашылығын туғызып отыр.Сонымен қатар ауылдық елдімекендердің қиылыстарында жарықтандыру шамдары орнатылып, жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер жаңартылды. Жол сапасының жоғары болуы жол апаттарының алдын алу мен көлік ағынын жеңілдетуге септігін тигізеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.