ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаевтың аудандарға іс-сапары жалғасуда. Бүгін халық қалаулысы Сарқан және Ақсу аудандарына барды. Жергілікті халықпен кездесті. Жиында өңірге қатысты бірқатар мәселе көтерілді. Оның ішінде Балқаш көліне апарар жолдың жөндеу жұмыстары, ауыліші жолдарды жаңғырту, ауыз су мен интернет проблемасы бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






