Келесі жылы Нарынқол мен Кеген арасындағы қара жол орташа жөндеуден өтеді. Ал Шәлкөде жайлауындағы таласқа түскен жайлымдық алқапқа әділ сот төрелік айтады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің Райымбек ауданына жасаған іс сапарында мәлім болды. Өңір басшысы шеткері аймақтағы ағайынмен жүздесіп талап-тілектерін тыңдады. Әрі бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, өңірде қолға алынып жатқан бірқатар жобамен танысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






