Аспантаулар аясын тұлпарлар тұяғы дүбірге бөледі. Атақты шалкөде жайлауында дәстүрлі өтетін республикалық “Жетісу жүйрігі” ту көтерді. 46 шақырымдық аламанда қай жүйріктің бабы келісіп бағы жанды? Ел жақсысы Жолан Омаровтың жүлдесіне арналған дүбірлі додаға тілшіміз де барып қайтқан еді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






