Құмды өлкеге плюс бір қасірет. Шеңгелді ауылында тұтас бір көшенің ағашы шабылған. Бұл жөнінде ауыл тұрғынының әлеуметтік желіге салған бейнежазбасы арқылы белгілі болады. Әлемжелі кеңістігіне шыққан жазба қоғамдық дүрбелең туғызды. Біздің түсірілім тобы елді-мекенге арнайы барып мәселенің мән-жайын біліп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






