Алматы облысындағы Шеңгелді ауылдық округі өңір бойынша пияз өсіруден 1-ші орында. Биыл мұнда 2 мың гектардан аса алқапқа пияз егілген. Жалпы, көкөніс шаруашылығына аймақ диқандары ден қойған. Бүгін түсірілім тобы өңір орталығына қарасты ауылдардағы диқандармен тілдесіп қайтты. Егіс алаңындағы еңбеккерлердің көңіл-күйі көтеріңкі. Айтуларынша, биыл ауа-райы мол өнім алу үшін қолайлы болып тұр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.